« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада медициналық тексеруден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті қоғамдық өкілдерімен бірлесе «Жасырын сатып алушы» тәсілімен жүргізген бақылау шаралары барысында анықталды.
Нақтыласақ, қалада орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медициналық қызмет көрсететін «ПрофМед» ЖШС дәрігері қызмет алушыға қолма-қол ақша төлеген жағдайда ешқандай тексерусіз, 5 минуттың ішінде №083/е нысандағы медициналық анықтама берілетіндігін айтқан.
- Жасырын сатып алушы» тәсілімен бақылау шарасын жүргізу барысында «ПрофМед» ЖШС дәрігері 7500 теңгеге медициналық анықтаманы тексерусіз беретіндігі анықталды. Бұл азаматтарды тиісті тексеруден өткізбей, қорытындыны куәландырып беруі, келеңсіз жол-көлік оқиғаларына (нашақорлыққа бейім, психикалық ауытқуы бар азаматтардың көлік басқаруынан туындайтын) алып келуі ықтимал, - дейді департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.
Аталған жәйт бойынша «ПрофМед» ЖШС басшылығына тиісті ұсыныс беріліп, нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген дәрігер жұмыстан босатылған.
- Департамент қоғам өкілдерімен бірлесе отырып мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізіп отырады, - деді департамент өкілі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |