Қызылордада сақшылар қайырымдылық акциясын өткізді

Облыстық Полиция департаменті бастығының бастамасымен және Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы көлемінде «Қарттарды мейірімділікке бөлейік!» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.            
Аталған қайырымдылық акциясы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері комиссиясының қолдауымен облыстық филармония, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар бірлесіп, Қызылорда Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан қарттар мен мүгедектерге арналған "Мейірімділік үйінде" өткізілді.
Шараны Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Ибраев ашып,  қайырымдылық іс-шараның мақсатымен таныстырып, қатысушы әйелдер қауымына жақсы көңіл күй тілеп, өз лебізін білдірді.
Акция барысында ұйымдастырушылар қарт аналарға сый-сияпат жасады, көӊілдерін көтеріп, мерекелік көӊіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама ұсынды.
Қайырымдылық іс-шара соңында, полиция қызметкерлері тарапынан «Мейірімділік үйінде»  сый-сыяпат көрсетіліп, арнайы дастархан жайылды.
Қазыналы қариялар полиция қызметкерлеріне жасалған сый-құрмет үшін тәртіп сақшыларына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.


   Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 мамыр 2019 г. 732 0