Шахмардан Байманов жаңа лауазымға тағайындалды

Бұған дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шахмардан Байманов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады министрлік сайты.

Байманов Шахмардан Асқарұлы 1984 жылы Қызылорда қаласында туған. Қызылорда қаласындағы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектепті бітірген. 2001–2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Несие және несиелік құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын осы университет ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі қызметінен бастаған. 

2007-2008 жж.  - Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» атқарушы директоры;

2008-2011 жж. - «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары;

2011-2012 жж. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебін «Саясаттану» мамандығы «әлеуметтік білім магистрі» бойынша бітірген.

2011-2012 жж. - «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;

2012-2015 жж.  мемлекеттік қызметке қабылданып, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды. 

2015-2017 жж. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы (Астана қаласы);

2017-2019 жж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдары, «Нұр Отан» партиясының медалі, «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қызылордалық әріптестері Шахмардан Асқарұлын жаңа қызметке салтанатты түрде шығарып салған еді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оған қажырлы еңбегі үшін алғысын білдіріп, қала әкімінің орынбасары лауазымында өзін білікті маман ретінде көрсете білгенін атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2019 г. 1 745 0