« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шиелілік Жандос Мақатаев пен Жазира Ертаеваның отбасында 1 мамыр күні үш бірдей қыз бала дүниеге келді. Оларға Айбибі, Айша және Ақнұр деген есім берілді.
Облыстық перинаталды орталықта аман-есен нәрестелерін дүниеге әкелген Жазира екі аптадай ауруханада жатты. Осы уақытта ол мерзімінен бұрын туылған нәрестелермен бірге дәрігерлер бақылауында болды.
– Жүктіліктің 12 аптасында кезекті УДЗ-ға түстім. Сонда маған құрсағымда үш бала бар екенін айтты. Жолдасым екеуміз сенер-сенбесімізді білмедік, бірақ Алланың берген сыйы ғой, қатты қуандық. Жүктіліктің 35 аптасында ота арқылы босануыма тура келді. Ана мен бала орталығы мамандарының көмегімен аман-есен аяқ-қолымды бауырыма алдым. Алғашқы екеуі екі келіден сәл ғана асып туылса, үшіншісі тіпті екі келіге де жеткен жоқ. Қазір жағдайлары жақсы, – дейді Жазира.
Мақатаевтар отбасында енді төрт қыз бала болды. Тұңғыштары Айару 3 жаста.
Халықаралық «Отбасы күні» мерекесіне орай үшемдер салтанатпен үйлеріне шығарылды. Шиелі ауданы әкімдігі мен ауданаралық аурухана сәбилерге қоларба сыйласа, облыстық перинаталды орталық атынан киім-кешектер жиынтығы тарту етілді.
Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиеваның айтуынша, бұл ауданда соңғы он жылда дүниеге келген үшем екен. Ал жыл басынан бері бұған дейін жаңақорғандық Үсеновтер отбасында да үшем өмірге келген еді. Бір ғажабы, олар да үш бірдей қыз бала болатын.
Жалпы, жыл басынан бері ана мен бала орталығында 3621 нәресте дүниеге келсе, соның 46-сы егіздер.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |