Әкімдер рейтингі: І орында - Қырымбек Көшербаев

«Top press» ақпараттық порталы сәуір айының қорытындысы бойынша әкімдер рейтингін түзді. Көш басында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұр.
Сәуір айының нәтижесі бойынша өңірде өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны, инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары және тұрғын үй беру мәселесі тұрақты сақталды. Соңғы жылдары аймақта мұнай-газ өндіру айтарлықтай төмендегеніне қарамастан аймақ басшысы аталған салалардың қарқынды өсуіне барлық мүмкіндікті жасады.
Жыл басынан бері аймақ экономикасына 84 млрд теңге тартылды. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 20,4 процентке артты (республикада – 8,9 процент). 126 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, өңір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру бойынша көшбасшылар қатарында. Аймақта әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 150 отбасы үшін «Баламекен» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жоба аясында аталған отбасылар облыстық бюджет және меценаттар есебінен тұрғын үйге қол жеткізеді.
Ең бастысы, өңірде нан ең төменгі бағамен - 60 теңгеден сатылуда.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2019 г. 2 516 0