| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
Сапар бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» ЖШС кешеніне барып, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті.
Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге дейін артты. Ал, 2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97% қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін "Агрокарта" әзірленді, оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"Жан-Арай" ЖШС күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді және 80 тонна құрама жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді.
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысының жұмыс сапары бағдарламасы бойынша облыстық көпсалалы балалар ауруханасын, "Жан-Арай" ЖШС кешенін, "Рухани жаңғыру" және Жастар орталығын аралайды, сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешені мен Байқоңыр қаласына барады.
| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||