« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биылғы басты жаңалықтардың бірі – Жастар жылының жариялануы. Атаулы жылдың орны бөлек. Арнайы жоспар бекітіліп, ауқымды істер қолға алынуда. Елбасы Жолдауында «Біз Қазақстан болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекет саясатының басымдылығына айналуы тиіс» деген еді.
Сыр елінде «Жастар жырлайды» республикалық ақындар айтысымен ашылған бұл жылдың ерекше тартуы – Сырдарияның сол жағалауындағы «Жастар орталығы» болды.
Жастарды ең алдымен не ойландырады, олар бұл жылдан не күтеді? Белгілі, бұл – білім алу, баспана, жұмыс табу. «Жастар жылын» өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарында бұл мәселелердің шешімі қарастырылған. Әсіресе, 5 бағыт – жастарды, жас отбасыларды тұрғын үймен қамту, жұмыс ұсыну, білім беру мен еріктілікті, әлеуметтік белсенділігін дамыту, денсаулық сақтау мәселесіне басымдық берілген.
Айта кету керек, 2014 жылдан бастап, Сыр елі мектептерінің үздік оқушылары көрші елде білім алып, былтыр алғашқы 74 түлек Ресейдің алдыңғы қатарлы инженерлік оқу орындарын бітірді. Қазір олардың жартысынан астамы магистратурада оқуын жалғастыруда. Ал бірқатар жас маман аймақтың өнеркәсіп орындарында еңбек жолын бастады.
Білім беру саласын дамыту бағытындағы жақсы жаңалықтың бірі –ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан дарынды түлектерге арналған облыс әкімі гранттарының саны былтырдан бастап 2 есеге артты. Бүгінде 900-ге жуық талапты ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың озық жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде.
Биыл облыста ұйымдастырылатын мәдени шараларға республиканың, тіпті шетелдің жастары қатыспақ. Өңірде облыстық ауыл жастарының слеті, түркі тілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өткізілсе, жастар туризмін дамыту бағытында «Жас Отан» жастар қанатының тынығу лагері Қамбаш көлінде ұйымдастырылмақ.
Иә, жыл жаңалығы көп болғалы тұр. Бұл жылы қала, аудандардан «Жастар сарайын» және «Жастар аллеясын» ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ, студент жастарға арналған 3 жатақхана құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл қатарда облыс әкімінің тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан түлектерге арналған грантын табыстауды жалғастыру, жергілікті «Орда» бағдарламасының аясында жастарды, жас отбасыларды қолдау мүмкіндігін қарастыру, жас отбасыларға кеңес беру, қолдау көрсету қызметін ұйымдастыру, қала, аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтары күндерін» ұйымдастыру бастамасы да бар.
Елбасы жылдың ашылу салтанатында әлемге әйгілі компаниялардың негізін жас кәсіпкерлер қалағанын атап өткен болатын. Айталық, Фейсбукті Марк Цукерберг 19 жасында ойлап тапса, Microsoft-ты Билл Гейтс 20 жасында, Apple компаниясын Стив Джобс 21 жасында құрған. Иә, инновация – игергенге игілік. Жастардың озық идеяларын тарату, қолдау көрсету мақсатында биыл облыста «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – жастардың заманауи білімінде» ТЕDх форматындағы республикалық форум, «Hack Day» және «HARDATHON» байқаулары өткізілмек.
Сондай-ақ, NEET санатындағы және жұмыссыз жастар санын азайтуды көздейтін шаралар, спорт алаңдары, жастар саябақтарын пайдалануға беру ісі жалғаса бермек.
Осы аптада жастарды ерекше қуантқан жаңалықтың бірі – Сырдария өзенінің сол жағалауында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен «Жастар орталығының» ашылуы болды. Жұмыс істеймін, пайдалы іс атқарамын дегендерге орталықтың есігі 24 сағат бойы ашық. 250-300 жасқа тегін қызмет көрсететін орталықта коворкинг, продюсерлік орталықтар, жаттығу залы, анти-кафе, мәжіліс залы, интернет-кітапхана, 300 орындық акт залы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелер, медициналық, психологиялық кеңес беру кабинеттері бар. Ал аймақтың цифрландыру ісіне үлес қосатын жастар орталық жанындағы «ІТ-park» алаңында еңбек ете алады.
Байқағанымыздай, Жастар жылындағы жұмыстың бағыты айқын. Білімді, өзіне сенімді жастар ғана бұл мүмкіндікті құр жібермейді. Сондықтан барша жас үшін бұл жыл берекелі болғай.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |