Қызылордадағы тікұшақ апаты: Қаза тапқан әскерилер марапатталды

Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жанқиярлық ерліктері үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.


Қаза болған майор Роман Костыгов, майор Тимур Құдайбердиев, майор Данияр Қоңырбай, майор Сабыр Тоқбаев, капитан Сырым Мәсәлім, лейтенант Аслан Айтбаев, 3-сыныпты сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов, кіші сержант Асхат Әбділманат, ефрейтор Айдын Әбділдинов, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, ефрейтор Өмірхан Қауқаев, ефрейтор Мирас Жұматаевтар мемлекеттік наградаларға ие болды. Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында медальдар қаза болған жауынгерлердің туған-туысқандарына табыс етілді. Әскери қызметшілердің қаза болуы - бұл олардың туған-туысқандары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның бүкіл армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін айта кетейік. Олар ақтық демдері таусылғанша өз әскери борыштарын адал орындады. Айта кетейік, биыл 27 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 әскери қызметші қаза тапқан болатын.  


inform.kz

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2019 г. 804 0