Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2018/2019 маусымынан кейін Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
Айта кетейік, рейтингті жасаған кезде аяқталған және алдағы маусымдағы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының нәтижесі, сол маусымдар мен жекелеген халықаралық жарыстардың Гран-при кезеңдерінің үздік нәтижелері есепке алынады.Әйелдер арасында бірінші орынды ресейлік Алина Загитова алған. Оның активінде 4510 ұпай бар. Екінші орынды жапондық Сатока Мияхара - 3459 ұпаймен иеленген. Үшінші орынды ресейлік Евгения Медведева - 3384 ұпаймен алды. Тұрсынбаева 3108 ұпаймен алтыншы орынға ие болды. Соған қарамастан, Элизабет маусымдағы жеке рейтингте төртінші орында тұр. Еске салайық, биыл Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.