Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті Қарулы күштерінің сарбаздары, қымбатты ардагерлер!


Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні – бейбітшілік пен жа­сампаздықтың, елін қорғаған жауын­герлердің айбыны мен тылдағы еңбеккерлердің ерлігін айшықтайтын абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Біз бейбітшілік аспаны астында ғұмыр кешіп жүрген бақытты ұрпақ ретінде ел үшін,  жер үшін жан қиған батырлар мен тылда аянбай тер төккен еңбеккерлердің ерлігін құрметтеуді өзімізге парыз санаймыз.


Қымбатты ардагерлер!


Біздің ата-бабаларымыздың ба­тыр­­лығы мен жанқияр ерліктері, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері – бүгінгі жауын­герлер үшін мақтан тұтарлық үлгі-өнеге. Сіздер  келешек үшін, туған жер үшін қан майданда от кешіп, соғыстан кейінгі жылдары ел экономикасының түзелуіне үлес қостыңыздар.

Отан ана алдындағы парызын өтеуде жанын қиған батырлар алдында бас иеміз. Олардың көзсіз батырлығы мен туған еліне деген өлшеусіз махаббаты ұрпақ  жадында мәңгі сақталады.

Жеңіс күні құтты болсын!

Қадірлі Отан қорғаушылар!


Еліміздің қауіпсіздігі мен ты­ныш­тығы жолындағы қажырлы қыз­меттеріңізге табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. 


Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі                            Қ.Көшербаев.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 455 0