« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жиналған қауымды майданнан оралмаған және кейін дүниеден озған арыстардың аруағына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.
«Сіздерді Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толуымен және Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Кешегі майдангерлерімізге, бүгінгі әскеріміздің айбынын асқақтатар сардарларымыз бен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Осынау қасиетті мереке күні біз азаматтық арды ту етіп көтеріп, істерінің ақ та адал екендеріне имандай сеніп, дүниедегі ең қымбаты - өз өмірлерін құрбандыққа шалып, шейіт болған ерлердің әруақтары алдында терең ілтипат сезіммен бас иеміз! Майданда қар жамылып, мұз жастанған жауынгерлеріміздің жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, рухани демеу болған, осылайша, жеңіс сағатын жанқиярлық істерімен жақындата түскен тылдағы еңбеккерлер де сүйіспеншілік пен ыстық ықыласқа лайық»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Оның ішінде ҰОС ардагерлеріне 202 мың теңгеден, соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталғандарға 126 мың теңгеден, ҰОС кезінде 6 айдан кем емес жұмыс істегендерге 75 мың теңгеден берілді.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында аймақ басшысы Отан қорғаушыларды құттықтап, «тәуелсіздігіміз бен тірлігімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзететін, халқымыздың қорғаны ұлттық әскерді» ерекше атап өтті.
«Ел намысын өз тағдырынан жоғары қойған, жауынан тайынбаған да алдында басын имеген, дұшпанына тізерлемеген Ұлы Даланың бүгінгі ұрпағы да елінің еңсесі биік, шекарасы берік, халқы тыныш болуы үшін қолдан келгеннің бәрін аянбауға дайын. Соңғы кездері әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар, террорлық актілер, Таяу Шығыстағы әскери қимылдар ықтимал қатерге дайын болу керектігіне назар аудартумен қатар, сақтық шараларын жасауды қажет етеді. Сондықтан, біздің әскеріміз әрқашан дайындықта жүруі тиіс!»- деді аймақ басшысы.
Шара соғыс жылдарындағы әндердің концертімен жалғасын тапты.
Кеше, 6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің салтанатты қабылдауы өтіп, облыс әкімі ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Айта кетейік, мамыр айының бірінші онкүндігінде облыста Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай: көрмелер, концерттер, ардагерлермен кездесулер өтуде. Ал 9 мамыр күні "Тағзым" алаңында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара мен шеру өтеді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |