2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева алдағы маусымда қара қарғаның образында өнер көрсетпек. Мәнерлеп сырғанаушы алдағы маусымға арналған жоспарларымен бөлісті. Спортшы әлеуметтік желі арқылы қысқа бағдарламаға қандай композиция таңдағанын мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.
2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері алдағы маусымда қара қарғаның образында өнер көрсетпек. Ол қысқа бағдарламаға Камиль Сен-Санстың «Ажал биі» (Dance Macabre) әуенін таңдаған.
Айта кетелік, биылғы маусым 19 жастағы Элизабет үшін сәтті аяқталды. Ол төрт құрлық чемпионаты мен Универсиада ойындарында күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ, Сайтамадағы әлем чемпионатында төрттік сальховты орындап, біріншіліктің күміс жүлдегері атанды.