Облыс әкімінің орынбасары соғыс ардагерін құттықтады

Облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты алдағы Жеңіс күнімен құттықтады.
Қуанышбек Ысқақов ардагермен сұқбаттасып, оған зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Өз кезегінде Бөрібай аға алғыс айтып, қазақстандықтарға бейбітшілік пен амандық тіледі.
Бөрібай Құлманұлы 1920 жылы 6 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Ржевск пен Приволжьені азат етуге қатысып, Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Игі дәстүр бойынша Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мемлекеттік орган басшылары аймақ ардагерлерін мерекемен құттықтайды. Сондай-ақ, мереке қарсаңында облыс әкімінің қатысуымен ардагерлерді дәстүрлі қабылдау өтеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 25 Ұлы Отан соғысының ардагері және 4809 тыл еңбеккері тұрады. Осы жылы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге 404,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 202 мың теңге, соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталғандарға 126 мың теңге, ҰОС кезінде 6 айдан астам жұмыс істегендерге 75 мың теңгеден көмек берілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 853 0