Қазалы: жас педагогтардың форумы өтті

Қазалыда Жастар жылы аясында «Жастар жылы – жарқын болашаққа жаңа қадам» атты жас педагогтардың аудандық форумы өтті. Шараны аудан әкімдігінің қолдауымен білім бөлімі және кəсіподақ комитеті ұйымдастырып, оған аудан əкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов қатысты.

– Аудан мектептерінде жалпы 2387 мұғалім жұмыс жасаса, соның ішінде 511-і 29 жасқа дейінгі жас мамандар. Былтырғы оқу жылында білім саласы бойынша түрлі 58 білімдік сайыстар мен байқаулар өткізіліп, сол байқауларда 17 жас маман жеңімпаз пен жүлдегер атанса, биылғы оқу жылында өткен 42 байқаудан 15 жас маман жеңімпаз атанды,- деп бірқатар жас ұстаздарға аудан əкімінің алғыс хатын тапсырды.

Сондай-ақ, форумға қатысқан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова 7 жас отбасына Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жолдамасын табыс етті. Шара барысында «Zhas Project» жобасының иегері, «Серпін» жастар кеңесінің мүшесі Жанат Ержігітова, М.Горкий атындағы №16 мектеп-лицейдің жас маманы Әкім Шыңдалы сөз сөйлеп, тəжірибелерімен бөлісті.


Алтынгүл САНСЫЗБАЙ,

Аудан әкімінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2019 г. 771 0