Жерлесіміз жүлдегер қатарында

Үстіміздегі жылдың 23-25 сәуір аралығында Ақтау қаласындағы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында дирижер Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» III республикалық дирижерлар байқауы өтті.

 Аталған шараға Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан барлығы 13 үміткер қатысты. Өнер байқауына Қызылорда облыстық филармониясы атынан Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әртісі, дирижер Руслан Балмасов қатысып, жүлделі ІІІ орын алды.

«Жастар жылы» аясында өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты – Маңғыстаудан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер әрі домбырашы Боздақ Рзахановтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Дирижерлық өнер аясында жас дарынды таланттарды анықтап, олардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасау.

Айта кетейік, бұл байқауға Мемлекеттік академиялық филармониясындағы қазақ оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов бастаған білікті мамандар – Жалғасбек Бегендіков, Сәкен Әбдірахманов, Еркін Нұрымбетов және Рахат Мадреев қазылық етті.

 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2019 г. 581 0