"Бұл туралы 25-27 сәуір күндері аралығында Түркияның Байбұрт қаласында өткен халықаралық симпозиумда профессор, доктор Метин Екижи өз баяндамасында айтты. Ғалым табылған қолжазбаны ғалымдарға көрсетіп, ғылыми тұжырымдамасын жасады", - делінген жазбада.
Айта кетейік, "Қорқұт Ата кітабының" Дрезден және Ватикан қалаларында сақталған екі қолжазбасы бар. Бірінші нұсқада 12, екіншісінде 6 дастан жазылғаны бұрыннан дәлелденген.
"Табылып отырған қолжазба 13-дастан болуы керек", - дейді ғалым.
Фото Бекарыс Нұриманның
фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды