Назарларыңызға 2019 жылғы Қазақстан елді мекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз! ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді, - деп хабарлады muftyat.kz.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Осы орайда Қызылорда облысының тұрғындарына арналған ауыз бекіту мен ауызашар уақытын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.