« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірімізде биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы Үсеновтер отбасында үш қыз дүниеге келді. Оларға Мәдина, Әдиля және Фатима деген есім берілді. Отағасы 35 жастағы Өмірбек жеке кәсіпкер, отанасы 27 жасар Камила ауылдық әкімдікте жұмыс жасайды.
Аман-есен аяқ-қолын бауырына алған Камила Шайжанова ауруханада он күн жатты. Осы уақытта ол мерзімінен бұрын туылған сәбилерімен бірге дәрігерлер бақылауында болды.
–Жүктіліктің 11 аптасында кезекті УДЗ-ға түстім. Сонда маған құрсағымда үш сәби бар екенін айтты. Жолдасым екеуміз сенер-сенбесімізді білмедік, бірақ Алланың берген сыйы ғой, қатты қуандық. Жүктіліктің 34 аптасында облыстық перинаталды орталыққа келдім. Осындағы мамандардың көмегімен аман-есен босандым. Нәрестелердің салмағы екі келіден сәл ғана асып туылды. Қазір жағдайлары жақсы,– дейді Камила.
Үсеновтер отбасында енді бес қыз бала болды. Тұңғыштары Айару бес жаста болса, Райана – үште.
Үшемге аудандық аурухана және ауыл әкімі балалар арбасы мен киім-кешектер сыйға тартты. Айта кету керек, бұл Жаңақорған ауданында соңғы сегіз жылда өмірге келген үшінші үшем екен. Ал облыста жыл басынан бері 28 егіз дүниеге келген.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |