89-шы: "Харекет" қоры кезекті үйді қызылордалыққа табыс етті
Қызылорда қаласында өткен өнер қырандарының «Берекелі мереке 5» кешінде Харекет Қайырымдылық қорының 89-ші баспанасының кілтін табыстады. Бұл туралы қордың «Facebook» парақшасында жариялаған жазбада хабарланды.
– Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың қалауымен Қызылорда қаласының тұрғыны, төрт балалы жалғызбасты ана Сәрсенова Марал апкемізге (1-топ мүгедегі) Қызылорда қаласында өткен "Өнер қырандарының" кешінде "Харекет" қайырымдылық қорының 89-баспанасының кілті табысталды. Жақсылыққа ұмтылған әр сәттеріңіз бен атқарған әр игі істеріңіз үшін Аллаһ разы болсын. «Әр қазақ - менің жалғызым» деп, бір қазаққа бар қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мүмкіндігіміз жеткенше қол ұшын созуды тоқтатпайық, ағайын! "Харекет" қайырымдылық қорының ғұмыры ұзақ, əрекеті берекелі болсын, – делінген хабарламада.