Қарашалаңдықтар қасиетті айды жаңа мешітте қарсы алады

Арал ауданының Бөген ауылдық округі Қарашалаң ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Енді ауыл тұрғындары қасиетті Рамазан айын жаңа мешітте өткізетін болады, - деп хабарлады syrboyi.kz ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен салынған мешітке «Жұмахмет молда» атауы берілді. Сыйымдылығы бір мезетте шамамен 40 адамға дейін құлшылық етуге мүмкіншілік береді.

Нысанның ашылу салтанатында қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев Құран Кәрім аяттарын оқыған соң ҚМДБ-ның облыс бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы аймақ халқын берекелі ай қарсаңында еселенген қуанышымен құттықтады. Сөз соңында мешіт салушы жомарт жанға алғыс хат табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Мешіттің лентасы қиылған соң жамағат намаз оқып, Аллаға шүкіршілік айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2019 г. 688 0