Жастар баянды болашақты таңдайды

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде «Жастар – баянды болашақты таңдайды» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге колледж оқытушылары құрамы мен студенттері қатысты.
Жастар келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті беделді мемлекетті қалыптастыруда жастардың рөлі ерекше.
Қоғамдағы қандай да болсын жаңалықтың жаршысы, хабаршысы – жастар. Жастардың ел саясатына көзқарасы, қолдауы ерекше.
Елімізде өткізілгелі жатқан кезектен тыс Президент сайлауы да соның айғағы. Шара барысында арнайы шақырылған қонақтармен қатар, студенттер, жас мамандар өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында колледж жастары мен оқытушылар құрамы және де қатысушылар Егемен еліміздің баянды болашағының кепілі – кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауының өткізілуіне қолдау білдіре отырып, қала тұрғындарын алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну туралы шешімін қолдауға шақырды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 591 0