Қызылордада үшем дүниеге келді

 Қызылорда облысында үшем дүниеге келді.
Бұл - биыл өмірге келген алғашқы үшем. Үш қыздың анасы Жаңақорған ауданында тұратын Кәмила Шайжанова. Ол 1993 жылы дүниеге келген. Жолдасы - Өмірбек Үсенов екеуі бұдан бұрын дүниеге келген 3-5 жастағы екі қызды тәрбиелеп отыр. 
Үшемнің денсаулығы жақсы, Қызылорда қаласындағы "Ана мен бала" орталығында білікті мамандардың қарауында.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, былтыр Сыр өңірінде 3 үшем, 132 егіз туған. Ал биыл жылдың басынан бері 28 егіз талай отбасының қуанышына айналды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 903 0