Студент жастар Президент сайлауын қолдап отыр

Олар бұл шешімді 200-ге жуық студент бас қосқан форумда айтты.
Олар алдымен тәуелсіздігімізді мызғымастай сақтап, әлем елдерімен терезімізді теңестірген және олардың таңырқай да, қызғана да қарайтын елордамызды салып берген Тұңғыш Президент Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  еңбегін жан-жақты талқылады.
Алғаш болып сөз алған «NurOtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Талғат ТілесТұңғыш Президентіміздің жастарға жасаған қамқорлығын тілге тиек етті.
- Елбасымыз әркез жастарға ерекше назар аударып келеді. Тұңғыш Президентіміз өзінің әрбір Жолдауында, мемлекеттік бағдарламаларында жастарға қолдау білдіріп келеді. Мұның бірден-бір айғағы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Тарихымызға көз жүгіртсек 1993 жылы Елбасымыз экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстан жастарына арналған «Болашақ» стипендиясын тағайындады. Бағдарлама аясында сан мыңдаған еліміздің жастары ата-бабасының аяғы баспаған жерде, елде білім алып, қазіргі таңда елге қызмет етуде. Міне, ел болшағын ойлаған Тұңғыш Президентіміз әркез келелі шешім қабылдап келді.  Осы орайдаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін біз жастар толық қуаттаймыз. Бұл Тұңғыш Президентіміз салып берген сара жолын әрі қарай жалғап, елімізді өркендетуге жасалған нақты қадам,- деді Талғат Тілес.
Ал облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мүшесі, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қанатының төрағасы Артем Кошман, кезектен тыс президенттік сайлау халықты топтастыру жолындағы патриоттық акт болып, экономиканы тұрақтандыруға, елдің қарқынды дамуы мен азаматтарымыздың игілігінің түйінді мәселелерін шешу үшін қажетті азаматтық татулықты, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қуатты серпін беретіндігін атап өтті.
Форум соңында студенттер жастар сайлауды  қолдау жөнінде өз үндеулерін жариялап,  жиынды мерекелік концертке ұластырды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2019 г. 687 0