Облыстық ҚАЖ департаментінің басшысы тағайындалды

Өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Ішкі істер министрі, генерал-майор Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы лауазымына СҚО ҚАЖ депаратаментін басқарған әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы тағайындалды.

М.С.Нәкенов 1974 жылы Көкшетау облысында туған, заңгерлік бойынша  жоғары білім алған.

Пенитенциарлық жүйедегі қызметін 1997 жылы СҚО ІІБ ҚАЖ басқармасының мамандандырылған медициналық-профилактикалық мекемесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Түрлі жылдары ол облыстық ҚАЖ депаратментінің басшысының орынбасары, мекемелер басшысы қызметтерін атқарды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2019 г. 847 0