« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы тағайындалды.
А. Әлназарова 1971 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер-педиатр», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының дәрігері ретінде бастаған.
2001-2004 жылдары – Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
2005-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда медициналық колледжінің директоры.
2013-2015 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.
2015 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
2007 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі. Қызылорда облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болған.
Елеулі еңбек жетістіктері мен мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Шапағат» медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |