« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Нұр-Сұлтан қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры бір апталық сапарының алғашқы күні қызылордалық көрерменге «Қызыл орамалды шынарым» спектаклін ұсынған еді.
Уақыт өзгереді, адамдар алмасады. Мейірім мен махаббат, тазалық пен сенім ше? Жоқ, олар өзгермейді екен. Себебі, дүниені ұстап тұрған, өмірді әдемі еткен күш – сенім мен махаббатта. Талғат Теменов режиссерлік еткен «Қызыл орамалды шынарым» көрерменге осындай ой тастайды. Бұл – әйгілі Шыңғыс Айтматовтың жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған «Арманым, Әселім» шығармасы.
Тянь-Шань тауының бөктеріндегі қырғыз даласында Ілияс пен Әсел ойламаған жерде кездесіп қалады. Ми батпақта көлік жөндеп жатқан аңғал жігіт алғашқыда Әселдің байпағын ғана байқап, «әже» деп айқайлаушы еді ғой. Кейіннен әдемі әрі ұяң, тым нәзік қызға айтар сөз таппай қысылатынын қайтерсіз?! Олардың махаббаты дүние мен елдің сөзін елең етпеді. «Менің үйім де, дүние-мүлкім де тек осы – көлік» дейтін Ілияс пен «осыдан өзге әдемі көйлегім жоқ» деп ұялатын Әселдің сөзі қандай шынайы?!
Бірақ отбасы бақыты үшін махаббат қана емес, барды бағалайтын мінез бен сенімге сызат түсірмейтін адалдық керек екен. Бұл Ілияс адасып, ішімдікке салынып, Хадишаны тапқаннан кейінгі түсінгеніміз. Ал Ілияс құс қанатты тұлпарына балайтын Саматы өзгені әке дегенде ғана ес жиды. Иә, бұл кезде Әселдің жары да, Саматтың әкесі де – өзі емес.
Қойылым соңында «мен сені күттім ғой, қарай-қарай көзім талды ғой. Бірақ сен емес, ол келді. Ол сондай ақкөңіл, мейірімді адам» деп егде кісімен отау құрған Әселдің даусы қандай шарасыз. Осының бәрін есіне алып, «достар, одан да билейікші» деп қырғыз әніне күйініп билеген Ілияс қандай мұңды...
Театр сапардың екінші күнінде С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясын сахналады. Бұдан бұрын Шәмші жайлы «Сыған серенадасын» тамашалағанбыз. Бірақ бұл жолғы Шәмшінің мұңы да, ойы да бөлек екен. Иә, Нұркен Өтеуіл сахнаға әлемі мөлдір, санасы азат, рухы өр Шәмшіні жарқыратып алып шықты, сөйтті де өзіндік үнімен, сазгердің қайталанбас әнімен зал толы көрерменнің санасын жаулап алды.
Нұр-Сұлтаннан келген театр Сыр елінде тағы бірнеше күн өнер көрсетеді. Кеше Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы сахналанды. Ал, алдағы күндері Р.Кунидің «Туған күн» комедиясы, Рақымжан Отарбаевтың «Әміре» драмасы, ал гастрольдік сапардың соңғы күні Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасын ұсынбақ.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |