« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Соңғы 6 жылда мұнай мен газ өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, Қызылорда облысы осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республиканың қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің үздік бестігіне кіреді: өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны, экономикаға инвестиция тарту көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша аймақтың өсу көрсеткіштері республикада орташа көрсеткіштерден жоғары.
Сейсенбіде Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-наурыз аралығындағы елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары айтылды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны, экономикаға инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша – көшбасшылар қатарында.
«2019 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестиция 84 млрд теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш (республикада орташа өсім 7% құрады)», – дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.
«Жалпы, соңғы 6 жылда өңдеу өнеркәсібі өнімінің өндіріс көлемі 71%-ке артты. Бұл көрсеткіш республикада аталған кезеңде орташа есеппен 16,2% құрайды», – деп атап өтті Р.Сұлтангереев.
Құрылыс саласында да оң серпінге қол жеткізілді. Мәселен, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 20,4%-ке ұлғайды, ал республикада орташа өсу көрсеткіші 8,9%-ті құрап отыр. 126 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке артық. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қызылорда облысы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, яғни 700 мың шаршы метр баспана бой көтерді.
«2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру (120,4%) Арал және Қазалы аудандарында газ және мұнай магистральді құбырлары, компрессорлық станция құрылысы, Шалқия кенішінде сыртқы электрмен жабдықтауды қайта құру, Сырдарияның сол жағалауындағы құрылысты дамыту есебінен жүзеге асырылды. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында тұрғын үйлерді пайдалануға беру өсімі жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру есебінен 12,9 процентке артты. Бұл халықтың мүмкіндігінің, табысының артқанын көрсетеді», – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағамбетов.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |