« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған «Көктем жұлдыздары» атты ашық турнир өтті. Екі күнге созылған жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев қатысты.
Сайысқа Өзбекстаннан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және облысымыздан мәнерлеп сырғанаушылар келген. Байрақты бәсекеде 8 команда, 150-ге жуық спортшы бақ сынасты.
– Мәнерлеп сырғанау – спорттың ең әдемі түрі. Бұл жерде нәзіктік, ерекше дарын, шеберлік қажет. Біздің елде аталған спорттың дамуына жағдай жасалған. Осы күні 50-ден аса жас өздерін Элизабеттің ізбасарлары санап, мәнерлеп сырғанауға машықтануда. Бүгінгі шара қатысушыларының көптігі осының айғағы, – деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Шара барысында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев та Элизабет Тұрсынбаеваға жүрекжарды лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласынан келген 29 мәнерлеп сырғанаушының ішінде республикалық чемпионаттардың жүлдегерлері бар. Олардан жаттықтырушы Александра Брежнева зор үміт күтеді.
– Турнирдің ашылу салтанатының өзі жоғары деңгейде өтіп жатқан соң, әрі қарай пайымдай беріңіз. Ұйымдастырушыларға алғысым зор. Ал шәкірттеріме келсек, барлығы жеңіске лайық, – дейді ол.
Ашылу салтанатында жергілікті өнерпаздар ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұз айдынына Элизабет шыққанда жұрттың ықыласы ерекше болды. Қаршадай қыздың өнеріне дән риза туған елі тағы бір қошеметтің құшағына бөледі.
Дәулет ҚЫРДАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |