Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Жаңақорған ауданы Қаратау баурайында «Қызғалдақ-өркениет куәсі» тақырыбында облыстық өнер фестивалі өткізілді.
Шараның мақсаты оқушылардың өз өлкесінің тарихы мен мәдениеттеріне, табиғатына танымдық қызығушылығын арттыру негізінде тарихи санасын жаңғырту, қызғалдақ феноменін зерттеу арқылы жастарды патроиотизмге тәрбиелеу, өлкетану экспедициясын өткізуді ілгерілету.
Фестивальда барлығы 100-ге жуық адам қамтылып, 5 номинация бойынша оқушылар өзара сайысқа түсті.
Қорытындысында жеңімпаз оқушылар облыстық білім басқармасы алғыс хаттары және дипломдарымен марапатталды.