« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінгі ұрпақ диірменді тек музейден тамашалап жүр. Ал, немере-шөберелеріне диірменнің қасиетін айтуды әрдайым өзіне парыз санайтын Жақсыгүл Жармаханова – Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылының тұрғыны. Сексенге таяп қалған әжей әлі күнге айналасына немерелерін жиып, диірмен тартады. Мұнысы жай ермек емес, кейінгі ұрпаққа нанның еңбекпен келетінін ұғындыру. Он баланы өмірге әкеліп, әрқайсысының білім қуып, мамандық алуын армандаған ол бүгінде арманына жеткен бақытты ана.
– Балалық шағымыз соғыс уақытымен сәйкес келді. Тойып тамақ жей алмаған ашқұрсақ кез. Анамыз дала жұмысынан келе салып, іңірде диірмен тартуға отырғанда барлық бала шүпірлеп жанына отыра қалатынбыз. Диірмен айналасына талқан төгіле бастағанын көргеннен артық мереке жоқ. Шашып-төгіп жейтін кез емес. Дәннің әрбір түйірі қымбат. Кейде сол диірменнен шыққан талқан екі-үш үйге тамақ болады. Келесіде тағы бір үй диірменді сұрап алып бара жатады. Мұндайда баланың бәрі сол үйде. Білуімше, сол кезде ауылда екі-үш-ақ диірмен бар. Балалық шақта көз алдымда қалған осы көрініс әлі күнге дейін ыстық. Талай отбасыны аштықтан алып қалған осы бір диірмен тоқшылықтың белгісіндей көрінеді. Кейіннен өзіміз де жастайымыздан еңбекке араластық, диірмен тарттық. Қазір сол диірменді әлі күнге ешкімге ұстатпай сақтап келемін. Сағынғанда қолыма аламын. Диірменді айналдырып, тарта бастағаннан, ой жарықтық дәннің исі қандай керемет шығады.Кеудеңдіқукернейді,– дейді Жақсыгүл әжей.
Бүгінде тағамның түрі жетіп артылады, нанның да. «Кейінгі ұрпақ дәннің қасиетін білсе екен деймін. Себебі, нан қалай келетінін ойланбайды. Қазір ақша болса бәрін сатып алуға болады» деп ойлайды. Сол себепті маңдай термен келген нан тәтті екенін, Жер анаға сепкен дәннің үйге нан болып келетінін әрдайым кішкентайларға ұғындырып отырамын» дейді.
Әжесінің талқан дайындап бергеніне үйренген кішкентайлар кейде «Әже, диірмен тартайық» дейді екен. Диірменнен төгілген талқан нағыз табиғи таза тағам. «Жарты кесе талқан жесең, күні бойы тоқ жүресің. Қазір балалар жейтін тамақты көзбен көріп жүрміз. Пайдасын білмедім, зияны көп» дейді ол жас ұрпақтың денсаулығына алаңдап.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
«Сыр бойы»
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |