«Бозторғай»: жеңімпаздарға жолдама

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәстүрлі облыстық «Бозторғай» байқауы өтті. Оған ән, хореография, музыкалық аспапта ойнау, халықтық орындау және көркемсөз оқу жанрлары бойынша 500-ге жуық өнерпаз қатысты. 

Облыстық халық шығар­ма­шылығын дамыту және мә­дени-продюсерлік орталығы ұйым­­дастырған шараның биыл­ғы ерекшелігі, аспаптық ан­­­сам­бльдер мен аспапта орын­даушылар жекелей ма­ра­пат­талды. Байқау өткі­зілген 21 жыл ішінде топ жар­ған жеке орындаушылар мен би топтарының көпшілігі бү­гінде әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Екі күнге со­зыл­ған сайыста көрерменге қуаныш сыйлаған сәттер көп болды. Өнерпаздардың әр­қай­сы­сы бір-бірінен асып түсті.

Додада бас жүлде иеленген жеңімпаздар мамыр айында өтетін халықаралық «Боз­­торғай» конкурсына жолдама алды. Атап айтқанда, ас­папты ансамбльдер жанры бойынша Шиелі  аудандық әуез мек­те­бі­нің ұлт-аспаптар ансам­блі, аспапты жеке орындау­шылар жанрында Ақниет Бөлеген (11-13 жас), Дильназ Әлімбаева (14-17 жас), вокал жанрында Мадияр Серік (10 жасқа дейін), Нұрбек Әмірбекұлы (11-13 жас), халықтық орындау жанрында Назым Изатуллаева (10 жасқа дейін), Шұғыла Мархаба (11-13 жас), Аяжан Шынберген (14-17), көркемсөз оқу жанры бойынша Ақнұр Ақмалиева, Нұрасыл Әділбек (11-13 жас), Ақсұңқар Айдын (14-17) суырылып алға шықты.

Ал хореография жанрында жеңімпаз атағына лайық ешкім болмағандықтан, қатысушылар тек қалған орындарды өзара бөлісті.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы 

ҚМУ-дың студенті.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2019 г. 495 0