«Орда»: жүздеген отбасы баспаналы болды

Аймақта жыл басынан халықтың мұқтаж тобына, әлеуметтің белгіленген санаттарына арналған «Орда» бағдарламасы арқылы жүздеген отбасы баспанаға ие болды.

Сыр өңірінде ғана жүзеге асатын «Орда» бағдарламасының негізгі мақсаты да сол, әлеу­меттің осал тобын мей­лін­ше қолжетімді тұрғын үймен қам­­тамасыз ету. Аймақ бас­шы­сының бастамасымен бас­тап­қы төлемсіз тұрғын үй алуға мүм­кіндік беретін 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасы әзірленген еді.

Биылғы жылы бағдарлама аясында қаланың сол жағалауынан 246 пәтер пайдалануға беруге дайын болса, бағдарлама талап­тары негізінде жарияланған кон­курсқа 1500 тұрғын қатыс­қан.

– Бүгінде «Орда» бағдар­ламасының талаптарына сай келген, конкурстан өткен азаматтармен жергілікті әкімдік тарапынан пәтерді жалға беру келісімшарты әзірленуде. Бағ­дарлама бойынша жаңа қоныс – сол жағалаудан беріледі,– дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда облысы бойынша филиалының «Бизнесті дамыту» бөлімінің І санатты маманы Айжан Аралбай.

Банк маманының айтуынша, жақында «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл – Елбасының «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезіндегі тапсырмасы негізінде жүзеге асатын бағдарлама.

Атап айталық, өңірімізде мұқтаж отбасыларды, көп­бала­лы аналарды баспанамен қамту мәселесі қай кезде де назардан тыс қалған емес. Баянды бас­     тамалар алдағы уақытта да ел әлеуетін көтеруге дәнекер бола бермек.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2019 г. 441 0