« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаңақорған ауданында облыстық «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында аталған басылымның Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі сатирик Нұрмахан Елтайдың оқырмандармен кездесу кеші өтті. Жаңақорған кентіндегі «Арман» мәдениет үйі ұйымдастырған шараға басылымның байырғы оқырмандары мен аудан жастары, тіпті автордың кейіпкерлері қатысты.
Кеш қонақтары Нұрмахан Елтай мен «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев алдымен басылымның тарихын тарқатты.
Айта кетейік, Н.Елтай соңғы 20 жылдан бері оңтүстіктегі қос ауданның тыныс-тіршілігін талмай жазып келе жатқан қаламы қарымды журналист. Бұған қоса, ол оқырманның ойынан шыққан оннан астам сатиралық кітаптың авторы. Оспанхан Әубәкіровтың батасын алған сатириктің алғашқы кітабы баспадан сонау сексенінші жылдардың ортасында жарық көрді. Ал, автордың мерзімді басылыммен байланысы онан 10 жыл бұрын басталыпты. Н.Елтайдың алғашқы мақала, очерктері 1973 жылы аудандық газетте жариялана бастады. Сол кездегі Жаңақорған аудандық газетінің редакторы Құдабай Ертаев мұның очерктерін жоғары бағалапты. Бұл Түркістан кеңшарында еңбек етіп жүрген жиырмадағы авторды әжептәуір қанаттандырған. Жалпы, ағамыздың негізгі мамандығы – агроном. Еңбек жолын жұмысшыдан бастап, кеңшар директорының орынбасары қызметіне дейін түрлі қызмет сатысанан өткен. Қандөзде туған ұл комсомол бригадасының жетекшісі де болды, ауданда спортты дамытуға айрықша күш салды. Дамылсыз еңбек адамы баспасөзге де ерте араласты. Бастысы, балалық қызығушылығы оны ақыры осы салаға алып келді. «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Үшінші тайм» атты сатиралық кітаптары шықты. Ал «Ауылдың айтқыштары» кітабын оқырман қауым тіпті жылы қабылдады. Қолына қалам ұстаған 45 жылда мыңға жуық очерктер, мақалалар жазыпты. Редакция тапсырмасымен оңтүстіктегі қос ауданда автордың табаны тимеген жер жоқ десе де болады.
Бұл кешке еңбек жолын бірге жүріп өткен достары келді, ыстық ықыластарын білдірді. Автордың агроном досы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Асан Нақышпанов, құрылыс саласының ардагері Алшынбай Тұртанов, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Изатулла Нарзилдаев оқырман ретіндегі ойларын айтып, естеліктермен бөлісті. Басылымның қоғамдағы роліне назар аударды. Ал Жаңарық елді мекенідегі мектеп мұғалімі, ақын Ардақты Қамақ 90 жылдық тарихы бар облыстық басылымға деген ықыласын жырмен өрнектесе, Төменарық аулының тұрғыны, жас ақын Нартай Қайбуллаев өлең оқыды.
Кездесуде сатирик жазушының шығармашылығынан көріністер сахналанды. «Арман» кенттік мәдениет үйінің өнерпаздары «Пароль» атты қойылымды ұсынды. Ән мен жырдан шашу шашты. Бастысы, ойлы оқырманның сан алуан сұрақтары рухани кештің қызықты өрілуіне себеп болды. «Жаңақорған тынысы» газетінің бұрынғы редакторы Алмас Бекжігітов пен облыстық «Кызылординские вести» басылымының осы аудандардағы меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашев жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов, аудандық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова да ыстық ықыласын білдіріп, шығармашылық иесіне құрмет көрсетті.
Кеш соңында «Арман» кенттік мәдениет үйінің директоры Күлән Әбілтанова «Сыр бойы» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған мұндай шараның алда аудандық деңгейде өткізілетінін жеткізіп, кеш қонақтары мен газет оқырмандарына ұжым атынан алғысын білдірді.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |