« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
"Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырдың жағдайы туралы ақпаратқа түсініктеме берді деп хабарлайды ФАН сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оның айтуынша, Байқоңыр қаласын Ресейге жалға беруді тоқтату мәселесі талқыланбайды. Осылайша, Рогозин БАҚ-та пайда болған хабарламаларды жоққа шығарды. "Біз жақында ғана жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға қол қойдық. Қайдағы жалға алудан шығару?"- деді Рогозин. Сондай-ақ, ол Ресей тарапынан осы мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ екенін, қалыпты жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты.
"Роскосмос" басшысы жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін еске салды. Онда "Бәйтерек" (ресейлік зымырандарды ұшыру жоспарланып отырған қазақстандық кешен) болашағы туралы мәселе қозғалған.
Әңгіме жауапты және мейірімді нотада өткен, сондықтан шарттық қарым - қатынастардың аяқталуы туралы айту - негізсіз деп есептейді
ТАСС хабарлағандай, бұл жөнінде Қазақстанның Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық тарап ғарыш айлағы мен қаланы жалдау мерзімін өзгерту мақсатында Ресеймен жасалған шарттарды қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ. Елдер арасындағы келісімнің қолданылуы 2050 жылға дейін ұзартылған.
Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуір күні ведомство министрінің орынбасары Марат Нұрғожин сенатор Мұрат Бақтиярұлы сұрағаннан кейін Байқоңырды ресейлік жалға алудан біртіндеп шығару жөніндегі жоспарлардың бар екендігі туралы айтқан болатын.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |