Қызылорданың тумасы Михаил Кылварт Эстония астанасының мэрі болды, деп хабарлайды
Kyzylorda-news.kz сайты.
Эстонияның астанасы Таллин қаласының жаңа мэрін сайлау 11 сәуірде өтті.
Михаил Кылварт қала басшысы лауазымына жалғыз үміткер болды. Оның кандидатурасын Таллиндегі Центрист партиясының билеуші фракциясы ұсынды.
Таллин қалалық жиналысының кезектен тыс сессиясында депутаттардың көпшілігі қызылордалық Михаил Кылвартты қолдады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қылварт үшін 45 депутат дауыс бергені анықталды. Бұл ретте мэр атану үшін кемінде 40 дауыс алу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сыр өңірінде туған Михаил Кылварт қаланың қазіргі басшысы отставкаға кететінін жариялағаннан кейін Таллин мэрі бола алатынын айтқан болатынбыз.