Қызылордада 500 мыңнан астам сайлаушы бар

26 наурыздағы мәлімет бойынша облыста сайлаушылар саны 500 695 адамды құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді, - деп жазады syrboyi.kz.
– Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымға белгіленген кезектен тыс Президент сайлауының күнтізбелік жоспарын бекітті. Соған сәйкес кандидаттарды тіркеу 10 сәуірден басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін дереу басталады және дауыс беру күні алдындағы күнгі 00-00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күнгі 00-00-ге дейін жалғасады, - деді А.Жүнісов.
Қазіргі уақытта облыста 9 территориалдық, 336 учаскелік сайлау комиссиясы жасақталды.
– 19 сәуірден кешікпей БАҚ-та территориалдық сайлау комиссияларының құрамы жарияланады. Ал жергілікті әкімдіктер 24 сәуірден кешіктірмей жергілікті БАҚ-та сайлау комиссиялары туралы толық ақпарат таратады, - деді комиссия төрағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2019 г. 974 0