Нұрлан Бижанов - Қызылорда облысының прокуроры

Нұрлан Бижанов Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 "Бижанов Нұрлан Дәуренұлы Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.  
Нұрлан Бижанов 1976 жылы дүниеге келген. Прокуратура органдарында 1997 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Үлкен жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде басшылық лауазымдарда. Қызылорда облысы прокуратурасының бөлім басшысы, Жамбыл облысы прокуратурасы бастығының орынбасары, басқарма басшысы, Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының прокуроры, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары болды.
2017 жылғы қыркүйектен бастап Бас прокурор аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.  Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 21 жылдан асады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2019 г. 1 813 0