« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Министрдің қабылдауына бірнеше адам жазылған, солардың қатарында І топ мүгедегі Сағатбек Сиюов те бар. Ол елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін, қажет болған жағдайда олардың мүгедектер арбасымен қамтылатынын атап өтті. Бүгінде қолданыстағы заңға сәйкес, мүгедектер арбасы 7 жыл мерзімге берілетіні белгілі. Сағатбек осы уақыт аралығында мүгедектер арбасын бірнеше рет жөндеу қажеттігі туындайтынын айтып, оны беру мерзімін 7 жылдан 5 жылға қысқарту туралы өтінішін жеткізді.
Ал үш баланың анасы Айнұр Әлменова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Қызмет» колледжінде кондитер мамандығы бойынша білім алған. Оқуды аяқтаған соң 252500 теңге грант ұтып, кәсібіне қажетті заттар алған ол мемлекеттен бизнесін дамыту үшін тағы қандай қолдау көрсетілетінін сұрады.
Сәбиі мүгедек болып дүниеге келген ата-аналарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалғанымен, қиындықтар болмай тұрмайды. Қабылдауда мүгедек бала тәрбиелеп отырған Эльмира Құдайбергенова да өз өтінішін жеткізді. Өткен жылы баласы Бурабай курортының «Алмаз» санаторийінде сауықтыру мақсатында ем алған. Бірақ бұл қызметтің баласына ғана тегін ұсынылғанын айтқан ана, бірге барған ата-анасының да шығындары үшін көмек көрсетілсе деген ұсынысын айтты.
Бердібек Машбекұлы олардың барлығына заң шеңберінде көмек көрсетілетінін айтып, жауапты мекемелерге аталған мәселелерді тиімді шешуді тапсырды. Жауапты тұлғалардың берген жауабына қарап, көтерілген мәселелердің барлығы да назарда болатынын аңғардық.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |