Қызылордада «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы 4-маусымының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлады
syrboyi.kz «24 хабар» сілтеме жасап.
Қазір Сыр өңірінің жүзден астам өнерпазы финалға берілер жалғыз жолдаманы сарапқа салу үстінде. Өнер бәйгесіне қатысушылардың ән салу шеберлігінен бөлек әртістік қабілеті де бағаланады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыннан сүрінбеген сырбойылық өрен өзге өңірлердің 16 жеңімпазымен бірге суперфиналға өтеді. Финалистерге Алматыдағы «Бөбек» ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үйдің» есігі айқара ашылады. Балғындармен хореографтар, стилистер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды. Жобаның ақтық сыны алдағы қазанда өтеді. Ал «Бала дауысы-2019» байқауының жеңімпазы музыкалық жоғарғы оқу орнында білім алу грантына ие болады. Сонымен қатар «Диснейлендке» жолдама беріледі.