Қылмыскерді ұстауға көмектескен қызылордалық марапатталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығы қылмыскерді ұстауда батылдық танытқан 43 жастағы қызылордалық Абылай Әлиевті алғыс хатпен марапаттады, - деп хабарлады syrboyi.kz сайты басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 наурыз күні басқарманың кезекші бөліміне тонау туралы хабарлама түседі. Бірнеше минуттан соң оқиға орнына тергеу тобы жетеді.

Жәбірленуші жұмыстан қайтып келе жатқанда белгісіз азамат шабуыл жасағанын және күш қолданып, сөмкесін, ұялы телефонын тартып алып, белгісіз бағытта қашып кеткендігін көрсеткен. Сол жерде дереу жанынан өтіп бара жатқан азаматты көмекке шақырады. Ол қарақшының артынан жүгіріп, ұстап алып, дереу полиция қызметкерлерін шақырады.

Абылай Әлиев басқарма басшылығына құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді. Әр азамат азаматтық ұстаным танытып, бір-бірін қорғауға дайын болуы керек екенін айтты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2019 г. 710 0