« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада ІТ сала, ақпараттық технология мамандарын даярлау мақсатында «ІТ echelon» жобасы жүзеге асуда. Бұл елімізде ІТ маман даярлау бойынша жаңа форматтағы тұңғыш жоба. Сенбі күні Мәскеудегі веб-әзірлеу мектебінің негізін қалаушы, Tinkoff.ru-да интерфейсті даярлайтын Дарья Пушкарская жас ІТ мамандарға дәріс оқып, лайфхактармен бөлісті.
Барлық саланы автоматтандыру мен цифрландырудың негізі болып саналатын ІТ сала дамысын десек, сұранысқа сай маман даярлау қажет. Еліміздегі ІТ кеңістіктің әлі де бос екендігін ескерсек, «ІТ echelon» жобасы – сұранысқа орай тиімді ұсыныс. 200-ге жуық жасқа тегін білім беретін жобаны облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Мансап-Қызылорда» ЖШС-і бірлесіп ұйымдастыруда. Сондай-ақ, жобаны іске асыру бойынша «Болашақ» университетімен меморандум жасалған. Аймақтағы 500-ден астам жастың арасынан таңдап алынған еріктілер алты айда ІТ стартап, веб-қосымшаларды әзірлеу мен сайт дайындау тәсілдерін қазақстандық және ТМД-ның ірі ІТ компаниялары мамандарынан үйренбек.
Бұл жобаға қатысушының мамандығы бойынша шектеу жоқ. Қазір оқушылар мен студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, әр түрлі сала қызметкерлері мен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылынан келген қатысушыларға үш куратор – ІТ маман жетекшілік етеді. Мұнан өзге аптасына екі рет онлайн, бір рет оффлайн түрде теория мен практиканы ұштастырған сабақтар өткізіледі. Басқарма басшысы Индира Ақжігітованың айтуынша, алты айлық оқу бағдарламасы бойынша 70-ке жуық ІТ стартап жоба дайындалмақ.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |