« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Имандосов Мұрат Самұратұлы Қызылорда облысы әкімінің өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
М.Имандосов 1972 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін “Экономист” мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Заңгер” мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының маманы болып бастаған. 1995-2000 жылдары Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының инспекторы, бас маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары болды. 2003-2008 жылдары Шиелі ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің монополияға қарсы басқармасының бастығы болған.
2008-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы лауазымын атқарды.
2011-2016 жылдары – Қызылорда облысы Қазалы және Қармақшы аудандарының әкімі, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |