Облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Қа­зақстан Республикасы Пре­зиденті Әкімшілігінің келісімібойынша Намаев Бақытжан Бі­ләлұлы облыс әкімінің аг­роөнеркәсіптік ке­шендідамыту мәселелері жө­нін­­дегі орынбасары болып та­ғайындалды. 

Б.Намаев1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемле­кеттік университетін “Сая­сиэкономика” мамандығы бой­ынша, Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық тех­ни­калықуни­верситетін “Мұнай-газ құ­бырлары мен қоймаларды жобалау, салу жәнепайдалану” мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, М.В.Ло­моносов атын­дағыМәскеу мемле­кеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономикағы­лымдарының кандидаты.

Еңбекжолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол инсти­тутының Алматы филиалыжал­пытехникалық фа­куль­тетінің ас­систенті болып бастаған. Әр жылдары жекесектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесіндежауапты басшылық лауазымдарда болған және “Ба­тум мұнай терминалы”компа­ниясының бас директоры қызметін атқарған.

2018жылдың наурыз айы­нан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының кәсіп­керлікжәне туризм басқарма­сының басшысы қызметін атқа­рып келді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2019 г. 384 0