Қызылордада көшпелі көрме өтеді

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі 5 сәуірде Қызылорда облысында жалғасын табады.
«2017 жылы Алматыдан бастау алған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме жобасы Елбасы кітапханасы қызметінде орны ерекше. Оның бастамашысы әрі идеялық дем берушісі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков.Екі жарым жылдың ішінде көшпелі көрме Шымкент қаласында, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарын аралады. Ал, екі күннен соң, 5 сәуірде Қызылорда облысы тұрғындарының назарына семинарлар ұсынылмақ, 8 сәуір күні Қызылорда қаласында көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтеді», - деп мәлімдеді Елбасы Кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.
Айтуынша, көшпелі жоба көрмемен ғана шектелмейді. Ол аймақтық кәсіби сессия, тақырыптық және шолу экскурсиялары, шеберлік сыныптары, семинар-тренингтер, сондай-ақ алыс және жақын шет ел ғалымдардың қатысуымен өтетін халықаралық ғылыми конференциялардан тұратын ауқымды іс-шараларды қамтиды.
«Ең маңыздысы, біз тек үлкен қалаларда жәдігерлерді көрсетумен шектелмейміз. Бірегей топтамаларды көптеген шаралар өтетін аудан орталықтарында да өткіземіз. Басты идея – ауылдықтарға осы білімді жеткізу. Мемлекетіміздің күрделі жолы туралы айту: өткен ғасырдың 90-жылдарындағы бос азық-түлік сөрелерінен қазіргі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға дейін», - деп атап өтті Ә. Рахымжанов.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.
Бұл жобаның аясында еліміздің әр аймағы мыңға жуық жәдігермен, атап айтқанда, Елбасы кітапханасындағы архив, кітапхана, музей қорларының материалдарымен танысады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2019 г. 350 0