Астаналық театр Қызылордада өнер көрсетеді

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қызылорда қаласына гастрольдік сапармен келеді.

Театр сырбойылықтарға 15-20 сәуір күндері аралығында 6 туындыны ұсынбақ.  Нақтылап өтсек, 15 сәуірде «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы, 16 сәуір күні «Шәмші» элегиясы, 17 сәуірде «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы, 18 сәуірде «Туған күн» комедиясы, 19 сәуірде "Әміре" драмасы көрсетілмек. Ал гастрольдік сапардың жабылуы 20 сәуірде өтіп, бұл күні көрерменге «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы ұсынылады. Барлық қойылымдар Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрында өтеді.

Айта кетейік, Астанадағы қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. Содан бергі отыз жылға жуық уақыт ішінде театрда талантты өнер иелері еңбек етіп, өз көрерменін қалыптастырып үлгерді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2019 г. 587 0