Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында әскери әуе күштерінің қолбасшысы мәлімдеді.
Тікұшақ 1985 жылдан бері пайдаланып келеді. Күрделі жөндеу жұмысы 2014 жылы жүргізілген. Әр жөндеуден кейін тікұшақ 8 жылға дейін жарамды болуы керек.
– Ұшқыштардың барлығы да білікті мамандар еді. Олар әр түрлі ауа-райының метеорологиялық жағдайларында, күндізгі және түнгі тәулік уақыттарында ұшуларына рұқсаттары бар. Қандай да бір төтенше жағдайлардан тиісті шешім қабылдай білетін тәжірбиелі пилоттар еді - деді Д.Қосанов.
Бүгінде оқиға орнында арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс жасауда.
– Алдын ала болжаудан аулақпын, дегенмен өз ойымды білдірсем. Мен де тәжірибелі ұшқыш ретінде айтарым, тікұшақ техникасы істен шығып, әуеде-ақ өртене бастаған. Экипаж мүшелері оқиғаны баяндауға еш мүмкіндіктері болмаған. Біздің жобалауымызша, экипаж 2100 метр биіктіктен құлаған. Бұл бар болғаны 40 секундтың ішінде орын алған. Тікұшақтың айналып құлағанын жан-жаққа шашыраған сынықтары мен қосалқы бөлшектерден байқауға болады. Экипаж мүшелері соңына дейін арпалысқаны белгілі. Енді нақты шешімді мемлекеттік комиссия шығарады, – Дәурен Қосанов.
Айта кету керек, бүгінде 10 адамның мүрдесі анықталды. Қалғанын нақтылау таңға дейін жүргізіледі. Ал, ертең 30 наурыз күні Қорқыт ата атындағы әуежайда қаралы митинг өткізіліп, мәйіттер туған-туысқандарына жеткізілді.