Сырдария өзенінен мұз қауіпсіз өтті

Облыс аумағынан өтетін ұзындығы 1 274 шақырымды құрайтын Сырдария өзенінде 2018-2019 жылдардағы қыс-көктем мезгілінде оңтүстік аудандарда (Жаңақорған, Шиелі) мұз ұстасқан жоқ. Тек, Қызылорда қаласынан бастап Арал теңізіне дейінгі аралықта мұз толықтай ұстасып, ауа температурасы жылы болуына байланысты мұз жүру процесі 2018 жылғы қараша айының үшінші онкүндігінде басталды. Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Су тасқынының алдын алу бағытын қалыптастыру, суды облыс аумағындағы Сырдария өзенімен қауіпсіз өткізу мақсатында "Казгидромет" РМК және "Қазсушар" РМК  Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан өзендегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алынып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қайта жаңартылып бекітілген «Облыс аумағындағы су басу қаупі бар елді-мекендердегі тұрғындармен жүргізілетін түсіндірме жұмыстарының жоспарына» сәйкес департаменттің қалалық және аудандық бөлімшелеріндегі жеке құрамымен су басу қауіпі бар елді мекендердегі тұрғындарға төтенше жағдайлардың және оның салдарының алдын алу бағытында үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 79 эвакуациялық жинақтау және 99 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді.

Қалааудан әкімдіктерінің мәліметі бойынша су тасқынына қарсы шараларға материалдық-техникалық қор 141,8 тонна жанар-жағар май, 156 000 дана қап, 16 960 бау қамыс, 6 550 дана пашын, 4 455 қарабура, 287 тонна қойтас т.б. қажетті материалдар қорлары жасақталды.

 Облыс бойынша 2018-2019 ж.ж. қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы және 2 тікұшақ бірлігін құрады.

Оның ішінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 117 жеке құрам, 18 техника, 10 жүзу құралдары мен мотопомпа дайындыққа келтірілді.

Сырдария өзеніндегі биылғы ең жоғары мұздың қалыңдығы Қазалы ауданының аумағында 40-45 см құрады. Жоғарыдан келетін судың мөлшері аз болғандықтан елді мекендерді су басу қаупі болған жоқ. "Казгидромет" РМК 2019 жылғы 26 наурыздағы мәліметіне сәйкес облыс аумағындағы Сырдария өзені ағымдағы жылғы 24 наурызда мұздан толықтай тазартылды.

Жалпы алғанда басқару органдары, ТЖ алдын алу мен жоюдың Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімшелерімен халықты, нысандар мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында кешенді шаралар орындалуда.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2019 г. 531 0