« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27наурыз күні сағат 17:35 кезінде «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тікұшақ анықталмаған себептер бойынша құлап, толығымен өртеніп кетті», - делінген комитеттің хабарламасында.
Көп ұзамай Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі тікұшақ апатынан көз жұмғандардың бар екендігін хабарлады.
«2019 жылдың 27 наурызында ҚР Қарулы күштерінің ӘКҚ әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында көз жұмғандар бар. Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде», - делінген министрліктің хабарламасында. Министрліктің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Хабарламада Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссия жіберілгені, әуе апатының себебін анықтау мақсатындағы жұмыстардың басталғандығы да жазылған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |