« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласындағы №278 орта мектепте «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты дәстүрлі облыстық спартакиада ашылды. Үш күнге созылатын бұл доданың негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлттық спорт ойындарын дамыту.
Жарыста қатысушылар спорттың асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес, балуандар сайысы сынды спорт түрлерінен бақ сынамақ.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатындағы ұйымдастырылып отырған спартакиаданың жас өскінге берер тағылымы мол. Оқушылардың ұлттық ойын арқылы патриоттық сана қалыптастыратыны кәміл. Шара барысында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мәди Бекмағанбетов ойын ортаға салды.
Шын мәнісінде жарысқа қатысушы командалар жан-жақты әрі тыңғылықты дайындықпен келуі олардың ұлттық ойындарға деген ерекше құмарлықтарын танытады. Спартакиадағы облыс мектептерінен 250-ден астам оқушы қатысуда.
Сайыстың ашылуынан кейін командадағы ерлер өзара арқан тартудан күш сынасып, қыздар бес асық жарысын бастап кетті.
Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және естелік кубоктарымен марапатталатын болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |