« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
26 наурыз – Арал теңізі күні А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде «Тұран тұнығы – Арал» тақырыбымен аталып өтті.
Атаулы күнді белгілеу туралы шешім 2017 жылы облыс әкімдігі мен халықаралық Аралды құтқару қоры ұйымдастырған халықаралық тұрақты даму форумында қордың құрылған күніне орай қабылданды. Жиында халықаралық қордың Қызылорда филиалының өкілі Ибрагим Әлиев әлемдік проблеманың салдарын жою жөніндегі Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестірудегі ұйымның роліне ерекше тоқталды. Қор жұмысын бастағалы бері экологиялық тұрғыдан сауықтыру және әлеуметтік-экономикалық түйткілді тарқату бағытында көптеген бағдарлама жүзеге асырылды. Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтірді.
– Үкіметтің, халықаралық ұйымдардың, қаржы ұйымдарының Арал өңірінің экологиялық, әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған түрлі жобалары мен бағдарламаларын түгел тізіп шығу мүмкін емес. Жағдайды жақсарту мақсатында қолға алған шараларды әлі де жалғастыра береміз, – деді И.Әлиев.
Шара барысында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Тұран» триосы және өзге де жергілікті өнерпаздар Арал тақырыбындағы ән-жырымен көпшіліктің көңілін сергітті.
Назерке САНИЯЗОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |